Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақмысқа» қарасты екі кеніште жұмыс сот шешімімен тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 1245

«Қазақмыс» корпорациясының Жезқазғанда орналасқан кеніштерінің өндіріс учаскелерінде жұмыс тоқтатылды. Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы осындай шешімге келген. Инспекторлар «Шығыс» және «Оңтүстік» кеніштерінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған және кеншілердің еңбек шарттары ескерілмеген деген айып тағып отыр. Ал мамандандырылған экономикалық сот тағылған айыпты орынды деп таныды.

Айта кетейік, «Қазақмыстың» аталмыш кәсіпорындарында мыс 1 шақырым тереңдіктен алынады. Сондықтан кішігірім техникалық ақаудың өзі үлкен шығынға әкеп соғуы  мүмкін. Бүгінде жұмысы тоқтатылған кеніштерде кемшіліктерді жою жұмыстары жүріп жатыр.

Владимир Магай, «Қазақмыс» корпорациясы» баспасөз қызметінің жетекшісі:

Осы учаскелерде қызмет еткен жұмысшылар басқа нысандарда қосымша қызметтерде еңбек етуде. Қазіргі таңда барлық кемшіліктер жойылған. Біздің ойымызша, аталған тізімге енген тоғыз учаске қызметі 3 қарашаға дейін қайта жанданады.

Жұрағат БАМАН