Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде 5 жасар баланың мәйіті табылды

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2014
  • 1008

Ақтөбеде осыдан 13 тәулік  бұрын жоғалған 5 жасар Темірлан Сәндібаевтың мәйіті табылды. Белгісіз дереккөздердің хабарлауынша, оны далада саңырауқұлақ теріп жүрген тұрғындар тапқан. Осыған орай еріктілер полицейлерге хабарласып, іздеуді доғарудың қажеттігін айтқан.

Бұл ақпарды құзырлы орындар нақтылаған жоқ. Қандай да бір толық ақпарат соңынан белгілі болады.