Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде астықтың 30 пайызы жиналды

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 1309

Шығыс Қазақстан облысында астық ору науқанын құбылмалы ауа-райы қиындатып отыр. Ұзаққа созылған жауын-шашын астықты толық орып алуға кедергі келтіруде. Техника саздан жүре алмай әуре. Бидайдың 70 пайызы жиналды.

Алайда күнбағыс, жүгері мен қыша әлі де алқаптарда жатыр. 300 мың гектар егістіктің үштен бірі ғана орылыпты. Анда-санда туатын шуақты күндерді шаруалар барынша ұтымды пайдалануға тырысып бағуда, алайда аз уақытта жер кеуіп үлгерер емес. Мысалы, бүгін комбайндар алқаптарда түні бойы жұмыс істеді. Таңертенгісін жауын қайта басталып, жұмыс тоқтатылған. «Қазгидромет» өңірдің күзі жауын-шашынды болады деген болжам жасап отыр.

Надежда Говоркова, ШҚО «Қазгидромет» РМК филиалының инженер-синоптигі:

Атлантикадан циклон бірінен соң бірі келіп жатыр, және бәрі ылғалды, жаңбырыменен. Бұндай жауынды құбылмалы ауа-райы 2-3 күн сақталады. Биыл күз біз қалағандай құрғақ, шуақты болмай отыр. Алдағы бір-екі күнде жазықты жерлерде қар түсуі екіталай, бірақ таулы аймақтарда қар жауып үлгерді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ