Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорданың билік өкілдері мияны сыртқа тасымалдауға тиым салмақ

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 1056

Қызыл мия тамырын өндірушілерге қаржылай көмек берілсін, ал мияны жинап-өндеуге лицензия қажет. Қызылорда облысының әкімшілігінде өткен жиында аталған емдік шөпті сақтап қалу жолдары айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда өңірінде мияны заңсыз жоюшылар көбейіп кеткені жайлы алдыңғы жаңалықтарымызда айтқан болатынбыз. Қарақшылар тіптен тракторлармен жеке шаруашылық жерлерін қопарып тастап, мияны тамырымен жойып жатқан деректер анықталған. Шаруалар бұған шарасыз. Енді емдік шөпті облыстың сыртына бірде-бір адам шығара алмайды. Оған аймақта уақытша тыйым салынатын болды. Мұндай шешім облыстық экология, табиғат ресурстарын пайдалану басқармаларының басшылары мен орман шаруашылығы инпекторлары бас қосқан жиында қабылданды.

Шарипа САҚТАПОВА