Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан 2014 ж. қаңтар-тамыз айларында Ресейден 192 021 автокөлік импорттап, тек 1-ін экспортқа шығарған

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 1043

Қазақстан осы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында Ресейден 192 мың жеңіл көлік әкелген. Импортталған көліктерге кеткен қаржы 788 млн долларды құрайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 3 есеге көп, - деп жазады «ҚазТАГ».

Еуразия экономикалық комиссиясы келтірген мәліметке сай, Қазақстан Ресейге құны 36 мың доллар тұратын бір ғана көлік экспорттаған. 8 айда елімізге Беларусь елінен 1 мың 300-дей темір тұлпар жеткізілді.

Айта кетейік, премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қазақстан 2020 жылға қарай теріскей көршімізге жылына 100 мыңдай көлікті экспорттайды деп мәлімдеген еді. Сондай-ақ, вице-премьер бұған дейін Ресейдің «Жигулиі» мен «Волгасын» алып келген Қазақстан ендігі жерде өзінің Skoda, Nissan, Toyota сынды темір тұлпарларын сыртқы нарыққа шығаруға ниетті екенін де айтқан болатын.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА