Русский Сайттың толық нұсқасы

ЕҚЫҰ Украинаның оңтүістік-шығысындағы ахуалды бақылайтын ұшқышсыз басқарылатын аппараттарды ұсынды

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 994

Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы пилотсыз ұшақтарын таныстырды. Жоспар бойынша олар Украинаның оңтүстік-шығысындағы жанжалдың жанданбауын қадағалайды. Аталмыш ұшақтардың басқарылуы арнайы халықаралық мониторинг агенттігіне жүктелді.

Сондай-ақ, пилотсыз ұшақтар патрульдік күзет жұмысын жеңілдетпек. Арнайы құрылғыдан алынған мәліметтерді Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының делегациясы 57 елдің мүшелері алдында жасалатын есепті әзірлеуде пайдаланбақ. Халықаралық ұйымның пилотсыз құрылғылары Австрияда шығарылған. Ұйымның аппараттарды қолдану туралы шешімінен соң, Германия өз қызметін ұсынған.

Алайда, немістің ұшатын аппараттары Украинадағы аязға төтеп бере алмайтындықтан, олардың өтініштері қабылданбаған. АҚШ пен Израиль мұндай пилотсыз құралдарды барлау үшін және жер бетіндегі нысандарды жою мақсатында пайдаланатыны белгілі.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ