Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Дубайда өтетін Х-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысады

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 978

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дубайда өтетін X-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазанның 28-і Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барады деп жоспарланып отыр. Биылғы форум «Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған.

Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы - Ислам конференциясы ұйымына мүше мемлекеттердің жыл сайын өтетін негізгі экономикалық саммиті. Оның жұмысына бірқатар шет мемлекеттердің басшылары және үкімет жетекшілері, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысады.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ