Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысы арқылы өткен бөлшектелген ұшақтар керуені Өзбекстаннан Ресейге жол тартқан болып шықты

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2014
  • 1163

Маңғыстау облысы арқылы өткен бөлшектелген ұшақтар керуені Өзбекстаннан Ресейге жол тартқан болып шықты. Бұл туралы арнамызға құзырлы орган өкілдері мәлімдеді. Мына кадрларда «ИЛ-76» ұшағының қосалқы бөлшектері Өзбекстан аумағы арқылы тасымалдануда. Ірі габаритті жүкті автокеруен Ташкенттен Таганрогтағы ғылыми-техникалық авиациялық кешенге бағыт алды. Қазақстан арқылы оларды кеденшілер алып жүреді. Айтуларынша, мұндай жүктің еліміз арқылы өтуі қалыпты жағдай көрінеді. Алайда, керуен маңғыстаулықтарды таң қалдырды.

Мақсат Ақмұратов, Маңғыстау облысы мемлекеттік салықтар департаменті тәуекелдер және статистика бөлімінің басшысы:

Ұшақтар шекараны 12 қазанда кесіп өтті. 27 қазанға дейін барлық кедендік рәсімдеу шаралары аяқталып, ел аумағынан шығып кетулері тиіс.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ