Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда саяжайлардың заңдастырылуы қадағаланбайды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1424

Қазақстанда саяжайлар тұрғын үй ретінде заңдастырылмайды. Бұл туралы еліміздің Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, саяжайларды заңдастыру үшін әуелде инфрақұрылымды реттеу керек. Яғни, әлеуметтік нысандар, мектеп, бала-бақшалар салынып, жолдар кеңейтілуі тиіс.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Мынау саяжайларда салынып жатқан жолдар 6 метрден аспайды. Ешқандай нормаларға сай келмейді. Сол себептен ол жерде жартысын ысырып тастау керек. Қалған жартысына онда айту керек, мынау сен тұруға мүмкіндігің бар деп. Қайсысын ысырамыз? Оң жағын ба, сол жағын ба? Қайсысына рұқсат береміз? Мына оң жағындағы көршілерге рұқсат береміз, ал сол жағын түгел ысырып тастаймыз, мында жол салу керек деп айтамыз ба сонда? Сол себептен елді дүрліктірмей, оны ақылмен шешу керек.

Сондай-ақ, вице-министр «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын мемлекеттік реттеу туралы» заңға саяжайларда заңсыз тұрып жатқан азаматтарды қысқы мерзімде көшірмеу туралы ереже енгізілетіндігін мәлімдеді.

Айтуынша, баспананы босату туралы сот шешімі шыққаннан кейін саяжай қожайындары қысқы 3 ай мерзімде мекендеп отырған тұрғын үйде уақытша тұрақтау құқына ие.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Баспана тапқанша дейін сол үш ай сол үйде тұру мүмкіндігі бар деген сөз. Ал екінші мәселе, мынау қысты күні соттың шешімі қабылданса, жалғыз үйден шығару мәселесі қыс уақытында ондай азаматтарды үйден шығаруға болмайды деген шешім.

Жұрағат БАМАН