Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында жолдарға жауаптылар қысқа дайын болмай шықты

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1086

Қарағанды облысында жолдарға жауаптылар қысқа дайын болмай шықты. Тас жолдардағы қар дер кезінде тазартылмай отыр. Осыған орай аймақта жолдағы жағдай жайында ақпарат жинайтын жедел штаб құрылады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков әкімдікте өткен кезекті жиында айтты.

Арнайы жедел штаб аймақтың әр елді мекенінде ашылмақ. Ол жол сақшысы және төтенше жағдай мамандарынан жасақталады. Облыс басшысының дерегінше, өңірдегі барлық жолдар уақытында қардан тазартылмаған. Құм да себілмеген. Ал, жолға жауаптылар техникамен тек 65 пайызға ғана қамтылыпты. Сондықтан, барлық қызметтердің басын біріктіріп, ұйымдастыру қажет, дейді аймақ басшысы.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері өңірде қал қылаулап, көктайғақ болды. Осакаровка ауданында көліктер жолда қалып қойған.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

ІІД-нің бастығы маған жолды ешкімнің тазалап жатпағанын айтты. Жалғыз МАИ қызметкерлері ары-бері жүгіріп жүрсе, әрине ұйымдастыру жұмысының нашар болғаны. Әр нәрсені уақытында қолға алу керек қой.

Төлеу Көленов, көлік жүргізуші:

Қыс түскелі бірінші рет шықтым. Жол нашар, тазаланбаған. Көңіл бөлу керек.

А.КУАШ