Русский Сайттың толық нұсқасы

Ел экономикасының тізгінін ұстаған министрлер өткен жылдың қорытындылары туралы есеп берді

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2016
  • 2341

Биыл ел үкіметі 225 млрд теңгеге арнайы қор жасақтайтын болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-премьер Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. Ел экономикасының тізгінін ұстаған министрлер жиналып, өткен жылдың қорытындылары туралы есеп берді. Айтуларынша экономикалық көрсеткіштер тәп-тәуір. Журналистер қойған сауалдардың басым бөлігі валюта нарығы, жекешелендіру, бюджетті қайта қарау төңірегінде. Экономикадағы негізгі көрсеткіштер мен болжамдар жайлы Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

2015 жылы ел экономикасында айтарлықтай құлдырау болған жоқ. Бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев осылай деді. Ал 2016 жылдың күтпеген жағдайлармен басталғаны рас. Мұнай бағасы арзандады. Сәйкесінше, теңгенің құны түсті. "Сондықтан Үкімет шұғыл шараларды қаржыландыру үшін, арнайы қор құрады", - деді вице- премьер.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:

Хотел бы отметить, что для реализации дополнительных задач с этого года в республиканском бюджете дополнительно выделяется специальный резерв, предназначенный для финансирования оперативных, антикризисных мер. На 2016 год специальный резерв запланирован в сумме 225,5 миллиардов тенге. 

Былтыр экономикалық өсім 1,2 пайызды құрады. Салыстырмалы түрде алсақ, Ресейде де осы көрсеткіш, яғни 1,2 пайыз. Қытайда - 7 пайыз. Инфляция деңгейі елде 6-8 пайыз аралығында болады деп жоспарланған. Бірақ жыл соңында 13,6 пайызға жетті. Бұған импорт тауарлар бағасының қымбаттауы себеп болған. Бюджет қайта қаралады. Өйткені баррелі 30 шартты бірлікке түскен мұнайдың  құны 20-ға дейін құлайды деген болжам бар. Қалай болғанда да, әлеуметтік сала мен "Нұрлы жол" бағдарламасына бағытталған қаржы қысқармайды. Айта кетерлігі, мұнай баррелі 20 долларға негізделген бюджет бұған дейін қабылданған. Энергетика министрі Владимир Школьниктің сол жылдарды есіне алғаны бар еді.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Я никогда не забуду историю с Даниалом Кенжетаевичем. Когда он был 1 вице-премьером или уже премьером, он мне сказал, Владимир Сергеевич, даже 20 долларов за баррель - большое счастье и больше не надо. Все задачи, поставленные перед нами Президентом, решим. Так что выживем и никаких соплей размазывать не надо, ничего, все сделаем.

Күн санап өсіп жатқан көк қағаз құны қайда барып тоқтайды? Бұл сұрақтың нақты жауабын ешкімнің білмейтіні анық. Күні кеше кәсіпкерлер палатасының төрағасы Абылай Мырзахметов АҚШ валютасының қымбаттауы әлі шегіне жеткен жоқ деді. Ал министрлердің ойы қандай?

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Вопросы, связанные с тем, что дна не достигнуто, это связано с тем, что он смотрит на тенденцию, связанную с изменением цен на нефть. Понятно, что в условиях свободно плавающего курса есть ожидания у предпринимателей, финансового сектора, в том числе и у нас, о том, что произойдет.

Дамушы елдерден инвесторлар кетіп жатыр. Былтыр Қазақстанда жалпы инвестиция көлемі 40 пайызға төмендеді. Оның ішінде мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібі 70 пайызға, құрылыс саласындағы инвестиция 50 пайызға, өңдеуші өнеркәсіпте 10 пайызға азайған. Ұлттық қордағы қаражаттың 6-7 жылда сарқылатыны туралы «Уолл стрит жорналда  мақала жарияланғаны белгілі. Бұған қатысты да үкіметтің жауабы дайын.

Биыл елімізде 77 млн тонна мұнай өндіру жоспарланған. Дағдарысқа қарсы шаралардың бірі ретінде кәсіпорындарға жеңілдіктер қарастырылып отыр.

Владимир Школьник, ҚР Энергетика министрі:

Мы внимательно вместе с минэкономики рассматриваем каждое предприятие, каждое предприятие имеет право, и мы стимулируем, чтобы оно обращалось со всей своей экономикой в соответствии с законом, министерство энергетики и нацэкономики предоставило свои расчеты о возможности снижения НДПИ и возможности каких-то других льгот, которые мы можем предоставить, чтобы сохранить рабочие  места.

Экономикалық өсу қарқынын тоқтатпауға қамданған елдер түрлі қадамдарға барып жатыр. Соның бірі жаппай жекешелендіру. Қазақстан бұл бағдарламаны былтыр іске қосты. Ал Ресей енді қолға алғалы жатыр. Тіпті Сауд Арабиясының өзі әлемдегі ең ірі мұнай өндіруші компания «Сауд Арамконы» IPO арқылы саудаға шығаруды шешкені жуырда ғана белгілі болған-ды.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ