Русский Сайттың толық нұсқасы

С.Терещенко: Тоқсаныншы жылдардағы Қазақстан мен бүгінгі Қазақстанның экономикасын салыстыруға келмейді

  • AstanaTV
  • 15 қаңтар 2016
  • 1282

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі елдің экономикалық ахуалына қатысты пікір білдірді. Сұхбат бірнеше ақпарат құралдарында жарияланды.

Экс-премьер бүгінгі экономикалық жағдайды тоқсаныншы жылдармен салыстыруға мүлде келмейтінін айтады. Қазір жағдайды түбегейлі өзгертудің түрлі жолдары бар. Оларды барынша пайдалану керек, - дейді Сергей Терещенко.

Сергей Терещенко, ҚР экс-премьер-министрі (1991-1994 жж.):

Менің ойымша, тұрақсыздық әлі біраз уақытқа созылады. Валюта бағамының қай деңгейге барып тоқтайтынын ешкім болжай алмайды. Юань, рубль де құлдырау үстінде. Сондықтан теңгеге сатып алынатын азық-түліктерді көптеп өндіру керек. Экспортқа бейім кәсіпорындарға қолдау көрсету кезек күттірмейді. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ