Русский Сайттың толық нұсқасы

Бергей Рысқалиевтың сыбайластарына қатысты сот үкімі қарашаның онына белгіленді

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1076

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтың сыбайластарына қатысты сот үкімін жариялау қарашаның онына белгіленді. Бұл туралы сот процесі барысында судья Гүлмира Дәулетова айтты. Өткен жұмада айыпталушыларға соңғы сөз айтуға мүмкіндік берілген болатын. Айыпталушылардың барлығы тергеу ісінің дұрыс жүргізілмегенін айтып, соттан әділ шешім шығаруды сұрады. Сондай-ақ әрқайсысының артында өздерін асыға күтіп отырған отбасы - ата-ана, бала-шағасы бар екенін, тіпті олардың кейбірі қатты науқас екенін жеткізді. Айыпталушыларды түгелдей тыңдаған сот кеңес бөлмесіне кетті.

Айта кетейік, сотқа 22 айыпталушы тартылды. Олардың қатарында бұрынғы облыс әкімінің екі орынбасары, Атырау қаласының экс-әкімі, бірнеше басқарма бастықтары мен кұрылыс компаниясы өкілдері бар. Оларға Бергей Рысқалиевтың жетекшілігімен лауазымын асыра пайдаланып, бюджеттің 71 млрд теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр. 777 томнан тұратынын ауқымды қылмыстық істі сотта қарау қаңтарда басталған болатын.

Базаркүл ІЗІМОВА