Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда жанармай тапшылығы қайта сезіле бастады

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1063

Жанармай тапшылығы еліміздің кейбір аймақтарында қайта сезіле бастады. Алматыда өткен жұмадан бері ірі жанармай құю бекеттерінде бензин талонмен ғана сатыла бастады. Халық арасында сұранысы жоғары АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин түрлерін құю үшін, көлік жүргізушілер кей бекеттерде сағаттап кезек күтуге мәжбүр.

Енді көп жерде талон сұрайды. Бензин жоқ. Болса да, нашар бензиндер. 92 құйсаң, 80 сияқты жанады. Қара түтін, көк түтін от алдырсаң мәшинені.

«Ройал Петролға» барсаң, бензин жоқ. Енді мұнда келіп бәріміз тұрмыз тығылып. Кептелісті көріп тұрсыз ғой. Сапасын құдай біледі.

«Ал «Қазмұнайгаз» компаниясының жанармай құю стансаларында бензин бірде бар, бірде жоқ», - дейді көлік иелері. Бұл жағдайға орай бүгін ресми органдардан қандай да бір тұшымды ақпарат алу мүмкін болмады.

Айта кетейік, қыркүйекте еліміздің барлық аумақтарында  жанармай тапшылығы халықты біршама әбігерге түсірген еді. Ол кезде тиісті мемлекеттік мекемелер ахуалды елдегі үш бірдей мұнай өңдеу зауытының күрделі жөндеуге жабылуымен түсіндірген еді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА