Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қызылорда - Жезқазған» жолында жолаушылар құтқарылды

  • AstanaTV
  • 27 қазан 2014
  • 1383

Ауа райының күрт бұзылуына орай, Қызылорда облысында төтенше жағдай қызметінің мамандары жолдарды бақылауға ала бастады. Ал кеше «Қызылорда - Жезқазған» тас жолында қалған 23 жолаушы құтқарылды.

Мына жолаушылар Қызылорда қаласынан 25 қазанда Жезқазғанға екі Газель автокөлігімен аттанған. Бір күннен кейін олармен байланыс үзілген соң, туыстары дабыл қағып, құтқарушыларға хабарласады. «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» мекемесінің сарбаздары жедел іздестіру жұмыстарына кірісіп, күре жолдың 119-шақырымында екі автокөлік пен 23 адамның барлығын тауып алды. Көліктің екеуі де жолда бұзылып қалған. Суық күні дәм-сусыз далада қалған жолаушылар дереу Қызылорда қаласына жеткізілді. Барлығы медициналық тексерістен өткізілді. «Қазір жағдайлары жақсы», - дейді құтқарушылыр.

Талғат Тұрсанов, «Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағы» ММ бас құтқарушысы: 

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында үш құтқарушы мен 1 техника жұмылдырылды. 23 жолаушысы бар екі Газель автокөлігі бір күн бойы далада отырған, далада түнеген. Күннің күрт суытуына байланысты әсіресе үлкен жүк көліктері соляркалары қатып, тұрып қалады трассаның бойында.

Шарипа САҚТАПОВА