Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордаға іргелес жатқан Тасбөгет кентінде жеке баспана өртеніп, 2 бүлдіршін бақилық болды

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 1374

Қызылордаға іргелес жатқан Тасбөгет кентінде жеке баспана өртеніп, 2 бүлдіршін бақилық болды. Өрттің неден болғаны беймәлім. Белгілісі - бұл үйде екі жыл бұрын жалғыз ұлдарынан айырылған қарт кісілер мен келіні және екі немересі тұрып келген. Оқыс оқиға кезінде үйде екі немересі болған. Отағасы сыртта мал жайғастырып жүріпті. Ал келіндері жұмыста болған. Жарты сағат ішінде кішкене үйден түк те қалмаған.

Нұрсұлтан Ибрагимов, «Өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары:

Екі кішкентай бала ішінде қалып қойды деген хабарлама түсті бізге. Төбе жағының құлауына байланысты біздің қызметкерлер екі баланы алып шықты. Жедел-жәрдем көмегімен больницаға барар жолда қайтыс болған сол екі жасөспірім. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Шарипа САҚТАПОВА