Русский Сайттың толық нұсқасы

Германияда ірі компания қызметкерлері үш күндік ереуілге шықты

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 1251

Германияда «Амазон» онлайн сауда-саттық жүйесінің қызметкерлері бас көтерді. Компанияның бес бірдей жеткізу орталығында ереуіл басталған. Ол үш күннен бері жалғасып жатыр. Талап - жалақыны өсіріп, жұмыс жағдайын жақсарту. Бұған дейін компания аталған мәселелерді қарастырмайтынын мәлімдеген. Бірақ жұмысшылар Германияның сауда және пошта индустриясында қолданылатын ұжымдық келісім-шарт жасауды сұрап отыр.

Конвейердің тоқтауы былтыр да орын алған. Бірақ наразы топ дегеніне жеткен жоқ. «Амазон» басшылығы, жұмысшылар салыстырмалы түрде орташадан жоғары айлық алады, деп есептейді.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА