Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда тұтас бір отбасын өлтірді деген күдікке іліккен азаматтың жағдайы қалыпты

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 1166

Керекуде бес бірдей адамның өліміне қатысы болуы мүмкін деп танылған күдіктінің жағдайы жақсарды. Бұл жайында қалалық аурухана дәрігерлері хабарлады.

Түрлі жарақаттармен ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген азаматқа бірден ота жасалыпты. Дәрігерлер оның екі жерден пышақталғанын айтады. Пышақ сол жақ өкпеге тиген. Бірақ тексеру барысында, ішкі құрылыстарына зақым келмеген деп отыр. Алған жарақаттарынан қансырап қалған. Десе де, өміріне еш қауіп жоқ дегенді айтты. Жан сақтау бөлімінде болған ол бүгін арнаулы палатаға көшірілмек.

Марат Қабылбаев, Павлодар қалалық №1 аурухананың хирургия бөлімі меңгерушісі міндетін атқарушы:

Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақтанды. Өміріне еш қауіп жоқ. Сондықтан да, профильдік бөлімшеге ауыстырылады. Ол есін жиді. Бәрін жақсы білетін халде.

Еске салсақ, кеше кешкісін көп қабатты баспаналардың бірінен бес адамның мәйіті табылды. Есікті бұзып кірген құтқарушылар 2 бала, 2 әйел мен ер адамның денесін алып шыққан. Оған қоса шала жансар тағы бір ер адам жедел ауруханаға жеткізілген болатын.

Полицияның алдын ала болжамына сәйкес, қанды қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Құзырлы орын өкілдері күдікті мен жапа шеккендердің туыс екенін анықтапты. Көрші-қолаңның айтуынша, марқұм отбасы пәтерді жалдап тұрады. Қарапайым ғана отбасының ерсі қылықтарын да байқамағандарын айтады.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ