Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда көше атауларын қайта атау ісі бір жолға қойылмай келеді

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 1462

Қате жазылған көше аттарымен күрес республика бойынша қолға алынбақшы. Бұл жайында бүгін Қарағандыда өткен «Жаһандану бағытындағы ұлттық ономастика» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында айтылды.

Соңғы 4 жылда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған көшпелі мәжіліске тіл жанашырлары келді. Олар қазіргі қазақ ономастикасының кемшін тұстарын сөз етті. Айтуларынша, кеңестік кезден қалған қисынсыз көше, елді мекен атаулары, сондай-ақ жалғаулары аударылмай қалған көшелер ел аумағында жетіп артылады. Сондықтан, мамандар биыл жүздеген атауларды қайта қарамақ. Сондай-ақ, жер-су аттарының байырғы атауларын зерттеу жүзеге аспақ. Ол үшін кей елді мекендердің ескі картасын шетелдік мұрағаттардан іздестірілуі жолға қойылмақ.

Жабал Ерғалиев, ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының мүшесі:

Түрлі қоғамдық формацияларға байланысты патшалық ресей князь, мұжықтарының, олардың әйелдерінің есімдерімен аталған жерлер көп. Оларды түзетуге ғылыми тұрғыдан қарауымыз керек.

А.КУАШ