Русский Сайттың толық нұсқасы

Австралия Эбола тараған елдерге виза беруді тоқтатпақ

  • AstanaTV
  • 28 қазан 2014
  • 1049

Австралия билігі Эбола безгегінің таралуынан қауіптеніп, сақтық шараларын қолға ала бастады. Біріншіден, жұқпалы індет тіркелген мемлекеттерге виза беруді тоқтатпақ. Мемлекет Эбола безгегімен күресуге 16 миллион доллар бөлген. Дегенмен кейбір дәрігерлер мен парламенттегі оппозиция өкілдері  ауру тараған елдерге көмек көрсетуге австралиялық мамандарды жібермеу туралы шешімге қарсылық білдіріп жатыр.

Үкімет басқа елдерде гуманитарлық көмек көрсетушілерді үш деңгейлі медициналық бақылаудан өтуге міндеттеді. Скринингтен, содан соң мониторингтен өтеді. Австралияға тұрақты визасы барлар ел аумағына аяқ басқан соң, 21 күн карантин аумағында болады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ