Русский Сайттың толық нұсқасы

«Байқоңыр»-дан зымыранның жаңа түрі ұшырылғалы жатыр

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2014
  • 1967

«Байқоңыр»-дан зымыранның жаңа түрі ұшырылғалы жатыр. «Союз-2.1а» осы типтегі алдыңғы ракеталарға қарағанда, жүк көтеру мүмкіндігі әлдеқайда артық және басқару жүйесі цифрлы технологияның озық түрімен жабдықталған. Зымыранды ұшыру бүгін Астана уақыты бойынша 10:09-ға жоспарланып отыр.

«Прогресс» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыш станциясына екі жарым тонна жүк жеткізетін зымыранның бөлшектенетін алғашқы екі бөлігі Қазақстан аумағына құлайды. Біріншісі - Қарағанды, екінші бөлігі - Шығыс Қазақстан облысы аумағына түседі.

«Союз-2.1а» алдыңғы зымырандарға қарағанда, жүкті 300 килограммға артық тасымалдай алады. Сондықтан, орбиталық станция қызметіне қажетті заттар мен техниканы, материалдарды көбірек жөнелтуге мүмкіндік бар деседі ғарыш бағдарламасына қатысушы тараптар. Келешекте «Союз-2.1а» зымыран тасығыштары көмегімен пилотты Союз кемелерін де аттандыру мәселесі қарастырылып жатса керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ