Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы ислам мемлекеттерін өзекті проблемаларды бірлесе шешуге үндеді

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2014
  • 1317

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам әлемін қалыптасқан өзекті мәселелерді шешуде ынтымақтасуға үндеді. Дубайда өтіп жатқан әлемдік Ислам экономикалық форумының 10-шы отырысында Елбасы өз сөзінде әлем энергетикасының 70 пайызының тізгінін ұстап отырған Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерге әлемдік жалпы ішкі өнімнің 7,5 пайызы және жаһандық сауда айналымының 11 пайызы ғана тиесілі екендігін атап өтті. Сондай-ақ, Ислам әлеміне халық санының артуы, кедейлік, табиғи байлықтың сарқылуы және экологияның нашарлауы сынды проблемалардың да төніп тұрғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Аталған қауіптердің алдын алу үшін ынтымақтасуда нық қадамдар мен қажетті шешімдер қабылдануы тиіс. Бұл мәселеде Қазақстан Ислам әлемінің дамуы мен күшеюінің жақтасы болып қала береді. Еліміз жаңа индустриалды бағдарламаны жүзеге асыруда БАӘ, Иран, Түркия және Малайзия елдерімен тығыз қарым-қатынаста. Бұл елдердің инвестициялары 3 млрд АҚШ долларынан асты, жалпы сомасы 2,5 млрд долларды құрайтын 15 жоба жұмыс істеп жатыр. Және бұл - тек бастамасы ғана. Қазақстан инвестициялық климатты барынша жақсартуда, көлік-логистикалық инфрақұрылымын құрып жатырмыз. 10 мың шақырым автокөлік жолы мен 2,5 мың темір жол салынып, жөндеуден өткізілді. Қытайдан Парсы шығанағына дейінгі жол 1200 шықырымға қысқарды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ