Русский Сайттың толық нұсқасы

Гавайда буырқанған Килауэа жанартауы аралдың тұрғын ғимараттарына қауіп төндіріп отыр

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2014
  • 1838

Гавайда буырқанған Килауэа жанартауы төңірегіне қауіп төндіріп тұр. Жақын маңдағы Пахоа қаласының тұрғындары қауіпсіз жерге көшілірді.

Болжам бойынша 75 метрлік лава қала арқылы мұхитқа жетпек. Оттай массаның жылжу жылдамдығы сағатына 10-15 метр. Қала ішінде лава зиратты шарпып өтті. Оның жолына жақын тағы 50 ғимарат бар. Лаваның температурасы Цельсий бойынша 900 градусқа жетіп отыр. Жолындағы кез келген кедергіні жағып жіберуге қауқарлы.

Килауэа - жер бетіндегі ең ыстық жанартау. Ол алғаш рет 1989 жылдың 2 қаңтарында оянып, күні бүгінге толастамай тұр. АҚШ геология қызметінің мәліметінше, вулкан 1990 жылға дейін 180 тұрғын үйді жойған. Соңғы жойқын атқылау 27-ші шілдеде болды. Бірақ ол кезде жанартау жергілікті тұрғындарға қауіп төндірмеген. Ал, 20-шы тамызда ғалымдар дабыл қақты. Жанартаудан атқылайтын массаның елді мекенге қарай бұрылатынын болжады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ