Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ: Эболамен күресте истерияға бой алдырмай, салқынқандылық сақтау қажет

  • AstanaTV
  • 29 қазан 2014
  • 1392

Медиктердің Батыс Африкаға келіп, Эболаға қарсы күрес жүргізуіне түрлі мемлекеттердің үкіметтері кедергі келтірмеуі тиіс. Сондай-ақ, карантиндік шараларға бола байбалам салудың қажеті жоқ. Бұл - БҰҰ вирусқа қарсы күрес миссиясының пікірі. Америкадағы безгекке қарсы тым қатаң сақтық шаралары Эболаның ошақ орталығынан келген дәрігерлердің сынана ұшырап отыр. Безгек жұқтырды деген науқастардың 21 күн бойы карантин жағдайында ұсталуына тәртіп сақшылары да қарсы.

Энтони Банбури, БҰҰ Эболаға қарсы миссия басшысы:

Шешімдер байбаламға салынып емес, ғылыми дәлелдер негізінде қабылдануы керек. Шешімдер сондай-ақ Батыс Африкадағы Эбола безгегіне қарсы нәтижелі және жедел қадам болуы тиіс.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ