«100 мектепке еш қарсылығым жоқ, бірақ 100
аурухана салуға қарсы болғандардың бірі - менмін». Бүгін
Сенатта бұқаралық спортты дамыту мәселесі қаралған Үкімет сағатында «Бокстан олимпиадалық
даярлау орталығының» директоры, Сидней олимпиадасының
чемпионы Ермахан Ыбырайымов осындай пікір айтып қалды.
Ермахан
Ыбырайымов, «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры:
«100 мектеп, 100 аурухана»
бағдарламасы бойынша Қазақстанда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді. 100 мектеп
салуға спортшы ретінде қарсылығым жоқ. Бірақ 100 аурухана дегенге
келіспейтіндердің бірі - менмін. Неге десеңіздер, Қазақстанда денсаулығы жоқ
адамдар ғана тұратын сияқты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген
бабаларымыз. 100 аурухананың орнына елу
аурухана салынып, қалған елу аурухананың орнына елу спорт кешені салынса.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ