Русский Сайттың толық нұсқасы

Нарықтағы мұнай бағасы құлдырауының салдары 2015 жылы сезілмек

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2014
  • 869

Нарықтағы мұнай бағасы құлдырауының салдары 2015 жылы сезілмек. «Бұл туралы кеше Лондондағы Oil and Money халықаралық конференциясында ОПЕК-тің бас хатшысы Абдалла Салем аль-Бадри мәлімдеді», - деп хабарлайды «ТАСС» агенттігі.

ОПЕК бас хатшысының айтуынша, мұнай бағасының құлдырауы - қиын табылатын тақтатас мұнайының жарты көлемінің әлемдік нарықтан жоғалуына әкеліп соқпақ көрінеді. «Төмен бағаның салдары 2015 жылы сезілетін болады. Бүгінде тақтатас мұнай өндіруші компаниялар болашақ төмен бағаларды сақтандырып қоюға тырысуда», - деді бас хатшы. Қазіргі таңда нарықтағы ұсыныс сұраныстан тәулігіне тек 1 миллион баррель басым көрінеді.

Жұрағат БАМАН