Русский Сайттың толық нұсқасы

Риддер қаласы балалар үйінің 600-ден астам тәрбиеленушісіне сыйлықтар берілді

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2014
  • 1073

Қазақстанда қамқоршы күні атап өтілді. Негізгі мақсат - балаларды асырап алған көп балалы отбасыларға алғыс білдіру.

Мерекеге орай Риддер қаласындағы үй-жатақханасында тұратын 600 балдырғанға сый-сияпаттар табыс етілді. Шараға Шығыс Қазақстан облысының іскер әйелдер ассоциациясының мүшелері мұрындық болған. Олар балалардың талғамын алдын ала біліп алып, әрбіреуіне қалаған сыйлығын алып берген.

Евгения Рыкова, интернат тәрбиеленушісі:

Біз өзіміз ұнатқан сәнді, әрі жылы киімдерді таңдадық. Мысалы, мен жылы күртеше мен шалбар алдым. Мектепке киетін блузка, қысқы аяқ киім де алдық.

Виктория Заворина, интернат тәрбиеленушісі:

Қыздардың көбі коньки таңдап алды. Қыста көңіл көтеріп, сырғанаймыз. Әрі сәнді, жылы киімдер де алдық.

Жұрағат БАМАН