Русский Сайттың толық нұсқасы

Ирак әскері содырлар басып алған мұнай өңдеу зауытын қайтарып алды

  • AstanaTV
  • 30 қазан 2014
  • 954

Ирак қауіпсіздік күштері, Байджи қаласы маңындағы 3 ауылды «Ислам мемлекеті» содырларынан босатып, шабуылда елді мекенге тереңдей ілгерілегенін хабарлады.

Бұл өңірде мұнай өңдеу зауыты шоғырланған, сондықтан Ирак үкіметі үшін маңызды. Экстремистер, Ирак мұнайын өңдеу мақсатында аталмыш зауытты қоршауға алған болатын. Содырлар дәл осы өнімнің арқасында күніне 2 млн доллар табыс тауып отыр. Ал, исламшылардың Сирияда соққан шағын мұнай өңдеу зауытын АҚШ ұшақтары бомбалауда. Ирак күштерінің қазіргі мақсаты - зауытты тартып алу арқылы ислам ұйымын қаржыландырылуына кедергі келтіру.