ҚР шекара қызметінің автокөлігі кісі
өліміне әкеп соққан жол апатына тап болды. Маңғыстау
облысындағы Бейнеу ауылында шекара қызметінің УАЗ автокөлігі жүк көлігімен
соқтығысып қалған. Салдарынан қызметтік
автокөлікті тізгіндеген жүргізуші мен 5 жасар бала ажал құшқан. Жүргізуші
Шымкент қаласының тұрғыны, шекара қызметіне келісім-шарт бойынша жұмысқа тұрған
деген ақпарат бар.
Жалпы, көліктердің соқтығысуы
салдарынан 6 адам жапа шекті. Жарақаты ауыр үш
адамды санавиация облыстық ауруханаға жеткізді. Бірақ, екеуінің
өміріне дәрігерлер араша бола алмаған. Әзірге апаттың жай-жапсары жария етілмей
отыр.
Илхам ИБРАГИМ