Русский Сайттың толық нұсқасы

Дамыған елдердің қаржыгерлері бұдан былай банк құпиясына сілтеме жасай алмайды

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2014
  • 1619

Дамыған елдердің қаржыгерлері бұдан былай банк құпиясына сілтеме жасай алмайды. Бұл ақпаратты Берлинде бас қосқан дамыған елдердің «Экономикалық қауымдастық пен даму ұйымы» таратты.

Жиналғандар салыққа байланысты нақты сандарды жариялап, ақпарат алмасуды алға тартты. Бұл дегеніңіз, банк клиенттерінің табыс көзі мен жинаған қаражатын еш кедергісіз тексеруге болады деген сөз. Жүйе 2017 жылы іске қосылады. Бұл жаңашылдық салықтан бас тартып, қаражатты заңсыз жолмен тауып жүрген азаматтардың әрекетін әшкере етпек.

Джордж Озборн, Ұлыбритания қаржы министрі:

Келісімге байланысты жан-жақты ақпарат алуға болады. Оның ішінде банк салымшысының қаражаты, бағалы қағаздар бойынша ие болған табысы жайлы ақпаратты. Ең бастысы - салықтан жалтарып жүрген банк клиенттеріне шектеу қойылады.

Мамандар бұл келісімді жүзеге асырудың маңыздылығын айтуда. Банк құпиясының жойылуы біраз ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Елдер арасындағы банк қатынастарына оң әсерін тигізетіні сөзсіз.

Самат ҚАНАҒАТОВ