Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар мен Омбы облыстарының басшылығы Ертіс өзеніндегі кеме қатынасын жандандыруды қолға алмақ

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2014
  • 1774

Павлодар мен Омбы облыстарының басшылығы Ертіс өзеніндегі кеме қатынасын жандандыруды қолға алмақ. Мәселе, Керекуде өткен «Ертiс Инвест-2014» халықаралық форумында кеңінен талқыланды.

Қос облыс үшін кеме байланысын дамыту - стратегиялық міндет болып табылады. Павлодарлық билік өкілдерінің қыркүйек айында көрші аймаққа іссапары кезінде аталған мәселе кеңінен талқыланды. Тараптар өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандум да жасасты. Осылайша, 2015-ші жылы шекаралас аймақтардың бірлескен жобасы жүзеге асырылмақ. Алдымен Ертіс өзенінің түбін тереңдету бағдарламасы жүргізіледі деп жоспарланған. Соның нәтижесінде қос аймақ өзара сауда-саттық көлемін арттырады. Ең бастысы, алыс-берістің құны өзен арқылы қозғалыс кезінде мейлінше арзанға түспек.

Александр Третьяков, Омбы облысы Үкіметі төрағасының орынбасары:

Федералдық орталық бұл мәселені қолдап отыр. Сондықтан, ортақ жоба келер жылдан басталады. Біз Ертіс өзенімен жүк тасымалы көлемін ұлғайтудың бірлескен жұмыс жоспарын әзірледік.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ