Русский Сайттың толық нұсқасы

Еліміздің екі аймағында ІІД-нің басшылары ауысты

  • AstanaTV
  • 31 қазан 2014
  • 1219

Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында Ішкі істер департаменттерінің басшылары ауысты. Бұл жайында «Интерфакс-Қазақстан» хабарлайды.

Қызылорда облысының ІІД-не полиция полковнигі Жанат Сүлейменов басшылық ететін болды. Ол бұған дейін ІІМ Криминалды полиция департаментін басқарған.

Ал, Қызылорда облыстық полициясының бұрынғы бастығы Жанарбек Бақтыбаев Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болып тағайындалды.