Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда құрылыс материалдары базары отқа оранды

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2014
  • 1286

Алматыда сауда орны отқа оранды. Шаһардың шеткері аумағындағы Алматы-Талғар тас жолы бойында орналасқан құрылыс дүкені өртеніп кетті. Тілсіз жау дүкенмен қоса 4 арнайы көлікті жарамсыз еткен.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт туралы дабыл таңғы алты жарымдарда келіп түскен. Жеке құрам арнайы техникамен өрт орнына дереу жеткенімен, қызыл жалынды ауыздықтау мүмкіндік болмады. Тілсіз жау 700 шаршы метр аумақты шарпыған. Салдарынан бір трактор мен экскаватор, 2 жүк көлігі және құрылыс материалдары толықтай өртеніп кетті. Тек екі сағаттан кейін ғана тілсіз жау толығымен ауыздықталды. Оқиға орнына жеке құрамның 75 адамы мен 11 дана техникасы жұмылдырылды.

Берік ХАСЕНОВ