Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та бензин бағасы сүт құнынан да төмендеп кетті

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2014
  • 823

АҚШ-та бензин бағасы күрт төмендеп кетті. Тіпті жанар-жағармайдың литрі бір литр сүт бағасынан да арзандаған.

Мұндай жағдай елде 2010 жылдың желтоқсанынан бері болмаған еді. «Қазір Құрама Штаттарда сұйық отынның литрі 79 центтен сатылып жатыр», - деп жазады Американың автомобиль қауымдастығы. Әдетте жыл сайын күзгі мезгілде АҚШ-та бензин бағасы арзандайды. Бұл көлік қозғалысының бірден азаюмен байланысты болатын. Ал биыл оған әлемдік биржадағы мұнай бағасының құлдырауы да қосылса керек.

Айта өтейік, өткен сенбіде Нью-Йорк сауда биржасында WTI мұнайы 0,7 пайызға арзандап, барреліне 80,54 долларға түскен.

Илхам ИБРАГИМ