Біздің елімізде Парламент Мәжілісі Президенттен өзін таратуды, сөйтіп сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді сұрады. Кез-келген қадамнан сәуле көретіндер «бәсекеге қабілетті адамдардың уақыты туды» дейді. «Сын сағатта шешім шығаратындар тек мықтылар болады»- деп оймен.
Мәжіліс мерзімін аяқтамай таратылуы мүмкін» деген әңгіме қоғамда айтылып басталғалы қашан. Cәрсенбіде журналист қауымды алдымен үкімет үйіне жинап, тізімді пысықтап, парламентке сілтегенде, бір жаңалықтың боларын көпшіліктің іші сезді. Дегенмен, депутаттар соңғы сәтке дейін бейхабар болды ма, әлде сыр білдіргісі келмеді ме, көп журналисттің «парламент тарайды ма» деген жалғыз сұрағына жауап берілмеді:
«Қазір әлі жариялаған жоқ қой ештеңе. Қазір жалпы отырыс болады, сонан кейін көресіңдер»..
Бірақ парламенттің бір палатасын тарату туралы ұсыныс жалпы отырысқа жетпей жарияланды. Мәжілістегі үш фракцияның өкілдері өздерінің «тарихи миссиясын» орындағандарын айтып, президентке үндеуін жолдады.
Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Жаңа реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісу үшін, сонымен бірге дағдарысқа қарсы шараларды тиімді жүзеге асыру үшін біз бесінші шақырылымдағы мәжілістің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және парламентке жаңа сайлау тағайындау туралы бастама көтереміз.
Владислав Косарев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, ҚХКП фракциясының жетекшісі:
¤
Мәжіліс Ұлт жоспарының кедергісіз орындалуына қажетті заңдарды әзірлеп өзінің тарихи миссиясын орындады. Парламент бес реформаның әрқайсысы бойынша 80-ге жуық заң қабылдап, оларды іске асырудың жол картасын жасады.
¤
Сарапшылар арасында жаһандық дағдарыстың шегі 2016-ның жазына келеді деген пікір бар. Парламентте кәсіпкерлердің сойылын соғатын Азат Перуашев, біраз қаражат пен уақытты талап ететін саяси науқанды «ашық-жарықта» өткізіп алу керек деген ойда.
¤
Азат Перуашев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшісі:
¤
Біз ұлттық кәсіпкерлер партиясы ретінде еліміз үшін аса жауапты кезеңде жыл бойы сайлау науқанына алаңдамай, парламенттің кезектен тыс сайлауын неғұрлым қысқа мерзім ішінде өткізу жөн деп санаймыз. Сосын Қазақстанда түбегейлі жаңғыртатын келелі іске тың қарқынмен біржола кіріскен абзал.
Бастамашыл топ мәжіліс сайлауын жергілікті жерлердегі мәслихат сайлауымен біріктіріп өткізуді ұсынды. Осылайша, қазіргідей жаппай үнемдеу уақытында, қазынаға да салмақ түспейді дейді белсенділер. Кейін бастаманы жалпы отырыста дауысқа салды.
Дауыс беру сәті:
«ҚР Президенті атына үндеу бір ауыздан қабылданды»...
Мәжілістің бесінші шақырылымының өкілеттілік мерзімі қараша айында аяқталады. Айта кетерлігі төртінші шақырылым да, 2011-де мерзіміне жетпей таратылып, 2012-нің қаңтарында парламенттің бүгінгі құрамы жасақталған-ды.
ГРАФИКА:Конституцияның сайлау туралы заңында: «Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау, жалпыға бірдей талаптармен жүзеге асады. Тоғыз депутатты Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы іс басындағы Парламент өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі –делінген.
Ал елдің бас қаржыгері, мемлекеттің жыл сайын түрлі саяси науқандарға белгіленген көлемде қаржы қарастыратынын айтады. Биыл мәжіліспен қоса, мәслихаттар сайлауы өтетіндіктен, шығын да еселенетіні белгілі. Сондықтан президент депутаттар үндеуін қабыл алса, расында үнем.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
Жыл сайын бұл салаға 4 миллиард теңге бөлінеді. Мейлі ол сенат, мәжіліс немесе мәслихат сайлауы болсын. 2016-ның бюджетінде де 4 миллиард қарастырылған.
Асхат Иманғалиев, БҚО Мәслихатының депутаты:
Осы парламент өзінің үлкен миссиясын, тіпті өзінің тарихи миссиясын атқарды деп айтуға болады. Депутаттардың ұсынысына менің қосатыным, облыстық мәслихат депутаты ретінде және ҚР азаматы ретінде парламент сайлауын жергілікті мәслихаттармен ұштастырса, уақытты да, қаражатты да үнемдеуге мүмкіндік беретін еді.
Оңалбай Аяшев, ОҚО Мәслихатының депутаты:
Не дегенмен бүгінгі күрделі жағдайда Елбасының ұсынып отырған бес реформасының 100 нақты қадамды жүзеге асыру үшін Парламентке жаңашыл, жаңа адамдар келуі керек. Не дегенменен, бүгінгі әлемдегі текетірестік дағдарыс заманы Парламентке жаңа бір деңгейде шығып іскерлік көрсетуді талап етеді.
Ақсерік Әйтімов, БҚО Мәслихатының депутаты:
Өсу үшін, реформалау үшін және де оны дамыту үшін біздер жан-жаққа тарамай, қазір тезірек сайлауды өткізіп, содан кейін жұмысқа кірісу керек. Өйткені, алдымызда тұрған 5 институционалды реформаны жөнді жүзеге асыру үшін біздер жұмысты бастауымыз керек.
Кезектен тыс сайлау өткізу ұсынысын отандық сарапшылар да қолдады, әрине. Олардың сөзінше, дамудың жаңа жоспарын іске асыру үшін тың күш қажет.
Дос Көшім, саясаттанушы:
Парламенттің жаңару кезеңі келіп тұр.+ 90 жылдары әлі есімізде Парламентке экономистер мен заңгерлер келу керек деген мәселе көтерілді. Өйткені заң шығарушы мәселесі. Бірақ жалпы дүниежүзінде Парламентке саясаткерлер келеді. Бізде ол саусақпен санарлық.
Нұрлан Ерімбетов, «Қазақстанның азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті:¤
Егер мемлекет басшысы аталмыш бастаманы қолдаса, менің ойымша бұл барлық саяси партиялар үшін, қоғам үшін жақсы сынақ болар еді. Жалпы кез-келген сайлау халықтың көңіл-күйін білудің таптырмас құралы. Мен үшін сайлау осы жағынан қызықты.
Ғани Нығметов, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президентi:
Парламентке жаңа адамдар керек, менің ойымша, осы экономиканы түсінетін, осы реформаларды қолдайтын және іске асыратын. Сол үшін уақытты жібермей,Парламенттік сайлауды өткізіп, Парламентімізді сайлап алып, осы 5 реформаны іске асыру үшін біз толығымен әлеумет болып, қоғам болып жасау керекпіз, менің ойымша.
Ерлан Саиров, саясаттанушы:
¤
Реформаларды әрі қарай жүргізу үшін, сонымен қатар сыртқы болып жатқан процесстерге жауап беру үшін әрине Парламент жаңа күн тәртібімен, жаңа бет-бейнесімен, жаңа көзқарастарымен келуі керек.
Асқар Нұрша, саясаттанушы:
Әлемдік нарықтардағы мұнай, Қазақстан үшін маңызды өзге де шикізат көздерінің бағасы қалай өзгеретіні белгісіз. Теңгенің шетел валюталарына қатысты бағамы қалай қалыптасары да беймәлім. Сондықтан алдағы екі айдың ішінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу Қазақстан үшін шығын жағынан жеңілірек болары сөзсіз.
Сейілбек Мұсатаев, саясаттанушы:
¤
Бәріне билік институттарының тұрақтылығы қажет.+ Кәсіби Парламент қалыптасса нағыз жоғары дәрежедегі. Екіншіден парламенттің құрамына бұрынғыдан да көп саяси партиялар кірсе, фракцияларын ұсынып. Яғни бұл өз кезегінде мына қоғамдағы азаматтық қоғам институттарының кеңінен тартылуына ықпал ететін еді.
Шешуші сөз мемлекет басшысында. Конституцияға
сәйкес, Елбасы Парламенттің қос палатасының Төрағаларымен және
Премьер-министрмен кеңеседі. Егер сайлау мерзімінен бұрын өтетін болса, бұл
Тәуелсіз Қазақстан тарихының 25 жылдығында жұмысқа кірісетін парламенттің алтыншы шақырылымы болмақ.
Азамат Алдоңғаров, «Біздің уақыт».