Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазпошта» «КЕGOC» акцияларын сатып алушылардан өтініш қабылдауға әзір

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2014
  • 1260

«Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысып, инвестор атанамын  деушілердің өтінішін  қабылдауға «Қазпошта» акционерлік қоғамы әзір отыр. Биылғы басты жаңалық - кез-келген бөлімшеде ақпарат алып, келісімшартқа отыруға мүмкіндік туды. «КЕGOC» компаниясының акциялары  5 қарашадан бастап сатылымға түспек.

Алайда құнды қағаздар бағасының қанша болары әлі күнге дейін белгісіз. Және аймақтарға бөлінетін акциялардың көлемін де ешкім дөп басып айта алмады. Ауыл-аймақтардағы пошташылар әзірге «акционер болам» деп белсеніп келгендердің қарасы жоқ дейді. Дегенмен 1 айға жалғасатын сатылым барысында «КЕGOC»-тың акциясын шалғайдағы елді мекен тұрғындары да алып қалуы мүмкін.

Наталья Рекубратская, «Қазпошта» АҚ №14 бөлімшесінің жетекшісі:

Бұрын тұрғындарды орталық кеңсеге жіберетінбіз. Бұл жолы барлық қажетті құжаттар бізде де бар. Келісімшарт рәсімдеп, есеп-шотты тіркеп береміз. Тұтынушылардың сұранысын өтеп, осы жерден акцияға қол жеткізуге болады.

Ал Павлодарда «Қазпоштаның» 120 бөлімшесінде өтініш қабылдау басталды. Тұрғындарға құнды қағаздарды сатып алуға  мамандар қол ұшын беруде. Жалпы елімізде 2000 маман осы шараға арнайы оқытылған. «КЕGOC»-тың акцияларын алуға ниет білдірген азамат «Қазпошта» бөлімшелеріне баруына болады. Қолында жеке куәлігі немесе паспорты болса жеткілікті. 

Рүстем Қорамбаев, «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалының бас маманы: 

«Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде дәл осы бөлімшеге клиенттер көптеп келді. Бұған қарап, Павлодар облысы тұрғындарының аталған шараға деген қызығушылығының айтарлықтай болғанын байқадық. 

Мансұр ЕСҚОЖИН