Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық олимпиада комитеті үміткер қалалармен келісімшартқа өзгерістер енгізбек

  • AstanaTV
  • 03 қараша 2014
  • 2173

Олимпиада өткізгің келсе, адам құқығын сақта! Осындай талапты Халықаралық олимпиада комитеті 2022 жылы қысқы спорт додасын өткізуге үміткер қалалар Алматы мен Бейжіңге бағыттады. Бұл туралы  отандық ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр.

«AllOut»  ұйымының атқарушы директоры Андре Бэнкс, комитет «гейлер мен өзге де трансгендерлік ұстанымдағылардың құқығы» аяқ асты етілмесін дегенді меңзеп отыр, деп мәлімдеді. Демек елде «гейлер шеруін» өткізуге мүмкіндік берілуі тиіс деген сарында мәселе қозғалды. Ұлттық олимпиада комитеті бұл мәселеден хабардар, алайда мардымды ақпарат бере алмады.

Павел Новиков, ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің вице-президенті:

Я пока не видел этих изменений, но они могут вносить изменения. Будет еще один из дополнительных пунктов - требования к городам-кандидатам. Будем изучать и работать над этим. 

«Мегаполис» басылымы жазғандай, Халықаралық олимпиада комитеті үміткер қалалармен екі арадағы келісімшартқа жақында өзгерістер енгізбек. Ұйымды мұндай қадамға Сочи-2014 олимпиадасы қарсаңында орын алған жағдайлар итермелеген болуы мүмкін. Ол кезде Ресей гейлердің шеруін ұйымдастыруға қарсылық танытып, оны заңмен қатайтқан. Спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбаев мұндай талап қойылса, Алматы олимпиадаға үміткерліктен бас тартуы қажет деген пікірде.

Несіп Жүнісбаев, ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері:

Әлемдік үрдіске сай мемлекет боламыз дегенмен, біз мұсылман еліміз. Сондықтан да ондай бассыздық атаулы дәл олимпиада өткізу үшін елімізге әкеліп тайраңдатуды мен өзім қолдамаймын.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ