Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда астық сақтайтын элеватор өртенді

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1601

Петропавлда жаңа элеватордың астық кептіру қондырғысы өртенді. Бұл жайында облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Олардың айтуынша, бидай кептіргіш машина таң сәреде жанған. Тілсіз жаудың кесірінен аталған қондырғының электрқозғалтқышы мен үрлегіші істен шықты. Жалынды ауыздықтау үшін 5 бірлік техника жұмылдырылған. Алайда, өрттің не себептен шыққанын және оның көлемі туралы ресми дерек көздері ақпарат таратпай отыр. Кәсіпорын басшылығы да бұл жайында ләм-лим деп ауыз ашпады.

Айта кетерлігі, белгісіз себептерге байланысты дәл осы күні астық тиелген жүк көліктері ырыс дәнін элеватордың өзіне емес, кіреберіс алаңына төгіп жатты.

Абзал ҚҰРМАНКИН