Русский Сайттың толық нұсқасы

Барак Обамаға деген халықтың сенімі күрт төмендеген

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1021

АҚШ халқы президент Барак Обамаға бұрынғыдай сенбейді. ABC News телеарнасының Washington Post басылымымен бірлесе жүргізген сауалнама қорытындысы Обама билігіне америкалықтардың тек 44 пайызы разы екендігін анықтапты. Қаңтар айындағы көрсеткіш соңғы сауалнама қорытындысынан 5 пайызға артық болатын.

Ал Обаманың екінші президенттік мерзімі басталған тұста оны респонденттердің 60 пайызы қолдаған. Қызығы, АҚШ-тың кәмелеттік жасқа толған жастарының жартысына жуығының президент қызметіне көңілдері толмайды. Бұндай көзқарастағылар сұралғандардың 53 пайызын құрайды. Сауалнама бүгін өтетін АҚШ конрессінің аралық сайлау қарсаңында жүргізіліпті.

Сарапшылардың пікірінше, Обаманың төмен сенім көрсеткіштеріне байланысты, оны президенттікке алып келген демократиялық партия өкілдерінің конгресстегі қатары сиреуі мүмкін.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ