Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей әлемдегі дамушы мемлекеттер тізімінде 68 орынға жайғасты

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1649

Ресей Федерациясы әлемдегі дамушы мемлекеттер тізімінде 68 орынға жайғасты. Осындай ақпаратты британдық «Legatum Institute» орталығы өзінің ресми сайтында жариялады.

Айта өтейік, Prosperity Index-тің жыл сайын жариялайтын рейтингі 8 критерий бойынша бағаланады. Оның қорытындысы бойынша, биыл Ресей білім беру саласында айтарлықтай жетістікке жеткен. Бұл көрсеткіш жөнінен мемлекет 37-орында тұр.

Ал, бизнестің дамуына жағдай жасау бойынша 46-шы, экономикалық тұрақтылық бойынша 57-шы орынға жайғасты. Бүгінде Ресейдің басты проблемасы - тұрғындардың жеке бас құқығын шектеу болып отыр.

Айта өтейік, Македония, Сербия, Албания, Молдавия мен Босния секілді Еуропаның бірқатар мемлекеттері Ресейден кейінгі позицияларды иеленді. Рейтингтің көшін Норвегия мен Швейцария бастап тұр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА