Русский Сайттың толық нұсқасы

БҰҰ Украина үшін азық-түлік сатып алу жарияланғанын жеткізді

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 893

Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы бағдарламасына сай жеткізілген азық-түлік Шығыс Украина халқының тек 120 мыңдайына ғана жетеді. Ал Донбасс қаласының өзінде 4 миллиондай тұрғын бар.

Айта өтейік, БҰҰ Украина билігінің сұрауы бойынша гуманитарлық көмек ретінде 1 қарашадан бастап азық-түлік жөнелту операциясын бастады. Бұл жайында ұйымның Twitter-дегі парақшасында жазылды. Бұған дейін де аталған ұйым Донбасс қаласына әлеуметтік көмек көрсетуге уәде берген. Алайда бұл өнімнің аздық ететіні сөзсіз.

Қазір Украинаның шығысында жағдай мәз емес. Кедендік бекеттерден Ресейдің гуманитарлық көмегі де өтіп жатыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА