Қазақстандық реставратор мамандар 2,5 мың жылдық тарихы бар бұйымдарды қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Біздің дәуірімізге дейін қазіргі қазақ жерін мекендеген халықтардың тұтынған бұйымдары 1999 жылы Шығыс Қазақстан, Орталық және Батыс Қазақстан аумақтарынан табылған еді. Белгілі реставратор Қырым Алтынбековтің командасы өткен 15 жылдағы тынымсыз еңбектің нәтитжесін жария етті. Ғалымдар барлығы 450-ден астам артефактілерді қайта қалпына келтіріп, алғашқы тұрпатына жақындатқан. Ағаш, қола, темір, тері және сүйектен жасалған ат әбзелдері ерекше тартымды. Қолөнер шеберлері бұйымдарының құнын есептеу мүмкін емес, керемет!
Қазақ жеріне орыс отарлаушылары келген уақытта ата-бабалар мұралары да әбден тоналғаны белгілі. Сақ заманына тән Пазырық мәдениетінен қалған қорғандардың барлығы тоналып, құнды металдар қолды болған. Ал реставраторлар қалпына келтірген мына ер-тоқым, бас киім мен байпаққа қарап, бабалардың жоғары эстетикалық талғам тәнті боласың. Киізден басылып, сырмақ салынған тоқым 2,5 мың жыл бойы сақталған. Түлкінің терісінен жасалған ішік-тон да ғалымдарды таң қалдырған. Міне, кәдімгі осы күнге дейін аталарымыз саптама етікпен киетін қонышы ұзын байпақ. Мұның барлығы Қырым Алтынбековтің айтуынша, 2,5 мың жыл бұрынғы салт-сана мен тұрмыстың бүгінгі қазақтың мәдениетімен тікелей байланысты екеніне толық дәлел. Реставраторлар мен ғалымдар жақында бұл экспозицияларды Астанадағы Ұлттық Музейге тапсыруға қамданып жатыр.
Қырым Алтынбеков, реставратор – ғалым:
Мұның барлығы, мысалы мына жатқан дүние бір қоқым сияқты.
Бұл қоқым сол заттардың бір бөлігі. Осы қоқымдарды жинап барып, біз соның
образын көре аламыз. Мысалы қазақтарға осы мәдениеттің қандай қатысы бар десек,
байпақты алуға болады. Онда не тұр деуі мүмкін. Сол саптама етікпен бірге
біздің бабалар киген киімді сондай пішінмен осы күнге дейін қазақтан басқа киіп
жүрген ешкім жоқ. Демек сол бір байпақпен –ақ дәлелдеп беруге болады, бұл
мәдениеттің кімге жататынын.
Бағдарлама барысында сөз еткен архитектор Ян Гейл Алматыда жарнама баннерлерінің тым көптігін айтқан. «Қалада визуалды қоқыс өте көп. Жарнама мен баннерлерден көз талады. Қаланың келбетін құртып тұр. Тіпті әсем ғимараттарды жауып тастаған. Сыпырғыш алып сыпырып тастағың келеді» деп көзқарасын бейнелеп те білдірген. Оны тыңдаған жұрт дуылдата шапалақ ұрыпты. Бұл параллель жүргізуге жақсы мысал екен. Расында керегі шамалы нәрсенің көптігі, түпнұсқаның бетіне жабылған кір-кір шыттан тігілген «шымылдықтар». Бұйым болып көрсетілгенімен шын мәнінде қоқыстар...
«Біздің уақытты» «astanatv.kz» сайтынан
оқып, көре аласыздар. Келесі сенбіде сағат 20.0-де жүздескенше!