Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда арқасына қарындаш кірген 10 жасар бала аман қалды

  • AstanaTV
  • 04 қараша 2014
  • 1231

Қарағандыда 10 жасар бала қарындаштан жазым бола жаздады. Арқасына 8 сантиметрлік қарындаш кіріп кеткен оқушыны дәрігерлер әрең құтқарып қалды. Оқиға Осакаров ауданында болған. Бала сабақтан үйге қайтып бара жатқанда шалынып, шалқасынан құлайды. Асынған сөмкесінде болған қарындаш сол кезде арқасына кіріп кеткен.

Баланы өтіп бара жатқан жаяу жүргінші ауруханаға жедел жеткізеді. Дәрігерлер оқушының кеудесіне ота жасап, қарындашты алып тастады. Оның ұшы жүрекке 2 сантиметр ғана жетпей қалыпты. Ажал аузынан қайтқан баланың жағдайы қазір бірқалыпты.

Бейбіт Бердібеков, Қарағанды облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігер – хирургі:

Балаға жедел ота жасалды. Ота барысында кеуденің сол жағындағы бөгде зат - қарындаш табылды. Кеуде қуысындағы мүшелер зақымданбаған. Баланың жағдайы жақсы. Мұндай жағдай бірінші рет кездесіп отыр десе де болады.

Айжан КУАШ