Қазақстан экономикасының 2015 жылғы
дамуының пессимистік сценариі Brent маркалы мұнай бағасының 70 долларға дейін төмендеуін
есепке ала отырып қарастарылды. Қаржыгерлер мұнай баррелінің 70 долларға дейін
төмендеуін «ең қолайсыз» жайтқа жатқызған.
Елдің бюджет жобасы мұндай жағдайға да
дайын, - деді Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Әбілқасымова. Мұнай бағасы
құлдыраса да, ЖІӨ өседі, дейді. Оның айтуынша,
келер жылға республикалық бюджет жобасы базалық сценарий бойынша есептеледі.
Бюджеттің кіріс-шығысын саралауда мұнайдың әлемдік нарықтағы 80 доллар
шамасындағы бағасы негізге алынады. Сосын 2016-2017 жылдарға мұнай бағасы 90
долларға дейін көтеріледі деген болжам жасалған. Бірақ,
Үкімет күрт төмендеу сценарийін қарастырып, оған да бюджетті дайындап қойса
керек. Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, келер жылы жалпы ішкі өнім 4,8 пайызға
өседі.
Илхам ИБРАГИМ