Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскемендік көкек әкелер алименттен жалтарып, кіріс көзін жасырып жатыр

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2014
  • 1629

Алимент төлейтіндер өз табысын жасырады. Ал кейбір кәсіпорын есепшілері олармен сыбайлас. Шығыс қазақстандық прокурорлар осындай деректерді әшкереледі.

Мұндай құйтырқы әрекеттер «Алимент төле» акциясы барысында анықталған. Пысықай әкелер жұмысындағы есепшілермен келісіп, айласын асырып келген. Ол үшін екінші еңбек кітапшасын ашып, жалақысын азайтып көрсетеді. Сөйтіп, табысы әжептәуір болса да, баласына тиын-тебен ғана аударып келген. Заңмен мұны дәлелдеу оңайға соқпады. Дегенмен, прокурорлар ондаған қылмыстың бетін ашты. Ал төленбеген алимент көлемі 124 млн теңгені құрайды. Мұндай бассыздыққа барған бухгалтерлерге айыппұл салынды.

Василий Олейник, ШҚО прокурорының орынбасары:

Осындай жағдай орын алса, жауапты тұлғалар заңмен жазаланады. Әзірге он адам жауапқа тартылды. Алиментті уақытында және табысына сай төлету үшін барлық шаралар атқарылды.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА