Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда газеттен әшекей жасайтын әйел тұрады

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2014
  • 1512

Қызылжарлық жас ана Анастасия Епифанцева газеттен түрлі әшекей-бұйымдарды тоқуды қолға алған. Бала күтімімен үйде отырған ол, пайдаланылмай жатқан газеттерді кәдеге жаратудың амалын ғаламтордан көріп, үйренгенін айтады. Басында жай қызығушылық болған. Кейін қолы машықтанған. Қазір қолөнер шеберіне айналды. Қоржын мен аяқ киімнің түр-түрін тоқиды.

Айтуынша, газет таяқшаларын жасау сәл қиындау. Қағазды орап, туынды шығару шексіз шыдамдылықты қажет етеді, - дейді шебер. Анастасия Епифанцева бір беттен 4 орам шығаратынын айтады. Кез-келген затты жасау үшін кемінде газеттен 700 таяқша қажет екен.

Анастасия Епифанцева, қолөнер:

Мына қоржын дүкенде кем дегенде 5 мың теңге тұрады. Түрлі дүниелерді жасап, үйімді өзім көркейтіп жатырмын. Бір затқа шамамен 3 күн уақыт кетеді. Қазір мысықтардың үйшігін тоқуды жоспарлап отырмын. Бірақ, демалысым біткелі тұр. Сондықтан, қолөнерге уақыт табу енді сәл қиынырақ болады.

Абзал ҚҰРМАНКИН