Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ сенаты сайлауында Республикалық партияның жеңіске жетуіне мүмкіндік мол

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2014
  • 1222

АҚШ сенаты сайлауында Республикалық партияның жеңіске жетуіне мүмкіндік мол. Дауыс беру қортындысы бүгін кешке жарияланбақ.

Алайда, экзит-пулдың алдын ала мәліметтерінен біраз мәселені аңғаруға болады. Кентуккиде Митч Макконнел сенатқа сайлануы ықтимал. Батыс Вирджиния штатында да Республикалық партияның өкілі алда келеді.

Сарапшылардың болжауынша, биылғы сайлауда Республикалық партия АҚШ парламентіндегі позициясын одан әрі нығайтуға мүмкіндік алады. Бұл өз кезегінде президент Обаманың жағдайын қиындата түсері анық. Сайлаудан соң АҚШ сенатының құрамы толық өзгереді деп күтілуде.

Бұдан бөлек 36 штаттың губернаторлары, бірқатар ірі қалалардың басшылары және жергілікті заң шығарушы органдардың мүшелері қайта сайланады. Бұл сайлау сонымен қатар, ең қымбат сайлау болып саналады. Үміткерлердің жалпы шығындары 4 млрд доллардан асып жығылды.

Самат ҚАНАҒАТОВ