Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде «Нұр Отан»-ның есептік сайлау конференциясы өтті

  • AstanaTV
  • 05 қараша 2014
  • 1246

Соңғы жылдары ақтөбелік нұротандықтар сапында қыз-келіншектер қатары артқан. Партияға мүшелікке қабылданған нәзік жандар әсіресе мәдениет, білім беру және денсаулық сақтау саласында басым көрінеді. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының ХХІ-ші есептік сайлау конференциясында айтылды. Жиында саяси ұйым белсенділері атқарылған істерді қорытындылап, болашақ жоспарды айқындады.

Айта кету керек, өткен жылы әлеуметтік бағыттағы 200-ге жуық шара атқарылып, көмекке зәру азаматтарға қолдау көрсетілген. Нұротандықтар жаңа ғасыр талабына сай электрондық жүйеге де көшуде. Екі жыл ішінде жаңа үлгідегі 10 мыңға жуық партия билеті табысталды. Сонымен қатар, бүгінгі конференция барысында облыстық XVII-ші есептік сайлау конференциясына 21 өкіл сайланды. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, «Бәйтерек» «Ұлттық басқарушы холдингінің» басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев қатысты.

Сұлупан Шынтасова, «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы:

Партия мүшелерінің белсенділігін атап өткім келеді. Электрондық жүйеге көшкеніміз де бізді жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Тұрғындардың арыз-шағымдарын да ғаламтор арқылы қабылдауға болады.

Мансұр ЕСҚОЖИН