Русский Сайттың толық нұсқасы

Чилиде биліктің мұнай өндіру туралы жоспарына қарсы балықшылар ереуілге шықты

  • AstanaTV
  • 06 қараша 2014
  • 1343

Ал Чилиде биліктің жер қойнауын пайдалану әрекетіне қарсы балықшылар жаппай ереуілге шықты. Чили ұлттық мұнай компаниясы балықшылар алдындағы міндеттерін орындамай отыр деген 300 адам қала көшелерін жауып тастады.

Айтуларынша, ұлттық компания өзенге мұнайдың төгілуінен келген шығынды өтемейді. Соңғы рет мұндай оқиға қыркүйек айында болған. Ол кезде 20 мың литрден астам шикі мұнай төгіліп, балық қырылып қалған екен. Бұдан, әсіресе балықшылар зардап шегіп отыр. Ал оған жергілікті билік көз жұмып қарайды, дейді ереуілшілер. Бұл жолы да солай болды. Наразы топты билік таспен лақтырып, көз жасаурататын газбен қуып жіберді.

Илхам ИБРАГИМ