Алматы әуежайында «Эйр-Астана» ұшағы
бір сағатқа жуық қона алмай жүрді. «Эйр Астана» әуе компаниясына тиесілі «А320
Эйрбас» ұшағы Алматыдан Қытайға бет алу керек болған. Әуеге көтерілген кезде
ұшақтан ақау шықты, деп хабарлайды «Тенгриньюс.кз».
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, ұшақтың
гидравликалық жүйесі істен шыққан. Тағы бір
ақпаратқа байланысты ұшақтың ішіндегі дабыл жүйесі іске қосылған. Экипаж апатты
жағдайда қонуға бел байлады. Бірақ, ұшақтағы жанармайды толық жағып жіберу үшін
әуе кемесі бір сағаттай әуеде қалуға мәжбүр болды.
Осы уақытта ұшақ Алматы әуежайын сегіз
мәрте айналып шықты. Ал компания өкілдері орын
алған келеңсіз жағдайға қатысты қандай да бір түсінік беруден бас тартты.
Самат ҚАНАҒАТОВ